Еліміздің басым бөлігінде күшті жел тұрып, жауын жауады

0 19

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 6 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, жауын-шашын жауады, кей уақыттарда нөсерлі жауын күтіледі. Елдің жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жететіні күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метр, күндіз кей жерлерінде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта болатыны болжанады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ күтіледі.  Қарағанды облысында 15-20 м/с екпіндегі желдің күші 25 м/с жетеді.

Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.  Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, күндіз басым бөлігінде желдің күші 23-28 м/с жетеді.  Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с артады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде — жаяу бұрқасынмен.  Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-23 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ бұрқасын болжанады.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.