Қазақ боксшысы Қанат Ислам Америкада «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА боксшының PR-менеджері Берік Сұлтанға сілтеме жасап.
«QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде «Main event» промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу — е ң басты мақсатымыз.
Сол жолда команда тынбай еңбек етуде. Суретте әріптестеріміз «Main event» промоутерлік компаниясының иесі, промоутер Kathy Duva және менеджер Egis Klimas», — деп жазды Берік Сұлтан Фейсбуктегі парақшасында.
Айта кетсек, бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0-0,20КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) ақпан айындағы рейтингінде көшбасшылық орнын сақтап қалған болатын.