Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Ғани Сәдібековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп egemen.kz хабарлайды.
«Біздің министрліктің вице-министрі және департамент директоры қамауға алынды. Бұл біздің министрлік үшін, ұжым үшін өте ауыр соққы болды. Бірақ, осы кезеңде әрбір сұрақты тиісті құқық қорғау органдарына, тиісті адвокаттарға жолдау керек. Өйткені, қазіргі таңда біздің министрлікте ешқандай материал жоқ. Сондықтан біз мәлімет бере алмаймыз», — деді Қанат Бозымбаев.
Еске сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырды» деп айыптаған болатын.