Қарағанды облысында жолаушылар отырған автобус жолдың шетіне ұшып кетті: 27 адам эвакуацияланды

0 16

Қарағанды облысында жолаушылар отырған автобус жолдың шетіне ұшып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері түнгі уақытта Ақсу-Аюлы-Ақтоғай тасжолының 10-шақырымында Алматы-Жезқазған бағытымен бара жатқан 27 жолаушы отырған халықаралық автобустың жолдың шетіне ұшып кеткенін хабарлады.

«Қарағанды облыстық ТЖД бөлімшесінің құтқарушылары сағат 00.49-да оқиға орнына барып, жолаушыларды Ақсу-Аюлы ауылына көшіріп, №27 спорт мектебіне орналастырды. Жолаушыларға басқа автобусты күтуге тура келді. Медициналық көмекке жүгінген жоқ», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері Қарағанды облысында осымен екінші тәулік бойы желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жеткенін айтып өтті.

Айта кетейік, кеше кешкі сағат 19.30-дан бастап Жезқазған-Петропавл тасжолы жабылған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.