Үндістанда Владимир Лениннің ескерткішін алып тастады, деп ktk.kz хабарлады.
Оқиға елдің Трипура штатындағы Белония қаласында болды. Бір топ ер адам бульдозермен мүсінді қиратты. Олардың әрекеті заңсыз екені айтылады.
https://www.youtube.com/watch?v=XrlyLk8OVPw
ANI басылымы Twitter желісінде жариялаған видеода бір топ адамның Үндістан жер анасына құрмет көрсетілуі керек деп айғайлағанын байқауға болады.
Қазіргі уақытта Украинада Ленинге қойылған ескерткіштердің барлығы сүрілген. Онда 2015 жылдың мамыр айынан бастап «коммунистік және нацистік режимдерге қарсы», сондай-ақ кеңестік кезеңді насихаттау заңмен қудаланады.
Соның аясында кеңес одағы кезінде өмір сүріп, қоғам қайраткері болғандардың есіміне берілген қала, көше атаулары өзгертіліп жатыр.