Шымкент құтқарушылары Қарасу арнасынан 2015 жылғы сәбидің денесін тапты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдері айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сәби 11 наурызда шамамен сағат 14.00-де жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына 100-ден аса адам жұмылған.
«Өкінішке қарай, сәби өлі табылды. Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері сәбидің ата-анасына көңіл айтады. Ата-аналардан балаларына мұқият болуларын сұраймыз», — деп хабарлады әкімдіктегілер.
Осыған дейін сәбидің тойханада болғаны хабарланған болатын. Бірақ сәбидің ол жақтан шығып кеткенін ешкім байқамаған.