Қытай астанасы қайта түтінге тұмшаланды

0 8

Қытай астанасы қайта түтінге тұмшаланып, одан төнген қауіп қызғылт-сары түске дейін көтерілді, деп 24.kz хабарлады.

Осыған байланысты қалада отшашулар атып, далада ет және басқа да тағамдарды қуыруға тыйым салынды. Сонымен қатар құрылыс қоқыстарын уақытша шығаруға шектеу қойылды. Қоршаған ортаны қорғау бюросының мәлімдеуінше, бұл шаралар кем дегенде наурыздың 14-іне дейін жалғасады. Содан кейін шаһарда күн суытып, қаланы тұмшалаған түтін сейілуі тиіс.

Айта кетейік, Қытайда ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.