Өзбекстанның Қазақстандағы жаңа елшісі Саидикрам Ниязқожаев 10 наурыз күні Астанаға келді, деп хабарлады tengrinews.kz.
Бұл тағайындауға дейін Саидикрам Ниязқожаев (1965 жылы туған, Ташкент политехникалық институтының «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша түлегі) 2015 жылдан бастап сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
СІМ-ге дейін президент аппаратында, үкімет құрылымдарында жауапты қызметтерде болыпты, атап өтер болсақ, мемлекеттік кеңесшінің орынбасары және экономика министірінің орынбасары.
Бұған дейін Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Икром Назаров болған еді.