ШҚО-ның Үржар ауданына қарасты Үржар және Жоғары Егінсу елді мекендерінде толассыз жауған жаңбырдың салдарынан 10 шақты тұрғын үйді су басты, деп 24.kz хабарлады.
Қазір бұл аймақтарда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен арнаулы техникалар жұмыс істеп жатыр. Жергілікті әкімшілік өкілдері де су жайлаған жерлерге барып, жағдайды жіті назарда ұстап отыр. Сондай-ақ республикалық маңызы бар Таскескен-Бақты күре жолының бір бөлігі де тасқын судың астында қалды. Жол қозғалысын қалпына келтіру үшін бірнеше жүк көлігі мен автогрейдер тартылды. Оқиға орнында 12 адам жұмыс істеп жатыр.