Екі ай ішінде Қазақстанда жалпы сомасы 24,7 млрд теңгеге 4 277 бірлік автокөлік құралдары (жеңіл, жүк, автобус техникасы, арнайы машиналар ментіркемелерді қоса алғанда) шығарылған. Өндіріс көлемінің заттай көрінісі өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық.
Қыстың соңғы екі айының қорытындысы бойынша қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің ішінде мына бес бренд үлкен сұранысқа ие болған, олар: Lada (1 647 бірл.), Hyundai (614 бірл.), KIA (308 бірл.), Ravon (176 бірл.) және JAC (140 бірл.). Отандық кәсіпорындармен ұсынылатын маркалар тізімінде Chevrolet (111 бірл.), Skoda (44 бірл.), Peugeot (30 бірл.) және SsangYong (2 бірл.) бар.
Жергілікті өндірістегі жеңіл автокөліктер рейтингін Lada брендінің үлгілері басқарып тұр: Lada 4×4 (502 бірл.) және Lada Granta (460 бірл.). Қазақстандықтар үшін үлкен танымалдылыққа ие көліктер қатарына Hyundai Tucson (295 бірл.), Lada Largus (249 бірл.), Lada Vesta (235 бірл.), KIA Sportage (195 бірл.), Ravon Nexia (176 бірл.), Hyundai Elantra (146 бірл.), Lada XRAY (146 бірл.), JAC S3 (102 бірл.) Chevrolet Niva (84 бірл.) те кірді.
Қаңтар-ақпан айларына 155 автокөлік жеңілдікті автонесие мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары сатып алған. Бұл жергілікті өндірістегі жеңіл автокөліктер сатылымының 4,7%-ын құрайды.
Дереккөз: Baq.kz