Қазақстанда күшті алкоголь өнімдерінің бағасы қымбаттады

0 10

Қазақстандағы күшті алкоголь өнімдерінің минималды бөлшек сауда бағасы қымбаттады. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев сәйкес қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда 2018 жылы арақ пен күшті ликер-арақ өнімдерінің 1 литрі үшін бөлшек сауда бағасы 1900 теңгеден төмен болмауы керек. Осы жөнінде сәйкес қаулыға Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 14 наурыз күні қол қойды.

«Қазақстан Республикасының 2018 жылы үкіметі арақ, ерекше арақ, ликер-арақ өнімдерінің минималды бөлшек сауда бағасын 1 литрі үшін 1900 теңге көлемінде белгілеу туралы қаулы етеді», — деп жазылған хабарламада.

Бұл қаулы ресми түрде жарияланғаннан күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң заңды күшіне енеді. Айта кету керек, 2017 жылы мұндай өнімдер үшін 1 литр бағасы 1700 теңге болатын.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.