Елордада жол апатын төмендету мақсатында қоғамдық көлікке арналған бірнеше қозғалу жолағы бөлініп, бұл жолақтарда жылдамдық шектелетін болады.
«Апатты азайту мақсатында қоғамдық көліктің қозғалысына арналған бірнеше жолақ бөлінді. Ол жолақтарда жылдамдық сағатына 40 километрге дейін шектелетін болады. Осыған байланысты, аталған учаскелерде жол қозғалысына қатысушылар 3.24 (максималды жылдамдықты шектеу) және 7.14 (қозғалыс жолағы) жол белгілері кешенін сақтайтын болады», — делінген хабарламада.
Дереккөз: Baq.kz