Шымкентте өрік гүлдеді

0 4

Қысқы суықтан кейін Оңтүстік Қазақстанға көктем келіп, Шымкентте өрік гүлдеді. Күннің күрт жылынып, +20 градусқа баруы ағаштардың бүр жарып, өрік ағашының гүлдеуіне себепші болды.

Гүлденген, жұпар аңқыған ағаштардың жанынан өтсеңіз жаңа бүр жарған гүлге қонған араларды көруге болады. Қала тұрғындары мен қала қонақтары қысқы қалың киімдерін шешіп, жеңіл киіне бастады.

Бір айдан кейін алма, шие ағаштары гүлдейді деп күтілуде.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.