Алматыдан 852 шақырым қашықтықта жер сілкінді

0 5

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылғы 25 наурызда 04 сағат 17 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 852 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты — 13.4. Тербелісі — 6.4. 120 шақырым тереңдікте болған жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.