Қазақстанда ет пен көкөніс қымбаттады

0 3

2018 жылдың наурызында өткен аймен салыстырғанда тары 0,7%, сұлы мен арпа 0,6%, қара бидай наны мен кеспе бағасы 0,5% артты.

Бұдан басқа, жарма ұнтағы 0,4%, жоғары сапалы бидай ұны мен күріш 0,2% өсті. Ал, қарақұмық жармасы 3,3% арзандады.

Көкөніс өнімдерінің ішінде қияр 6,1%, қызанақ 3,3%, орамжапырақ 2,7%, картоп 2,1%, сәбіз 1,3%, қызылша бағасының 0,8% өскені байқалды. Сарымсақ 0,2% арзандады.

Жылқы еті 0,8%, ал сиыр, шошқа еті мен сиыр бауыры 0,7%, қой еті, шұжық 0,4%, жартылай ысталған шұжық 0,2% қымбаттады.

Қанттың бағасы бірден 2,4% қымбаттап, арақтың бағасы — 0,8% өсті.

Майлылығы 2,5% айран 1,7%, қаймақ 1,5%, майлылығы 3,2 % айран 1,3%, ірімшік 0,8%, сары май, сұйық май мен маргарин — 0,6%, майлылығы 2,5% және 3,2% пастерленген сүт пен майонез 0,5% қымбаттады. Ал, жұмыртқа 0,5%, шикі сүт пен сұйық май 0,2% төмендеді.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.