Теңгенің биржалық бағамы жыл басынан бері 3,6% нығайды

0 4

Қазақстанда 2018 жылдың ақпан айының соңында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы биржалық бағамы 320,30 теңге болып, өткен айдан 0,8 процентке, ал жыл басынан бері — 3,6 процентке нығайған, деп хабарлайды Zhambylnews  «ҚазАқпарат» сайтына сілтеме жасап.

Ақпанда 1 АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамы 318,68 теңгеден 327,32 теңгеге дейін өзгерген. Өткен айда KZT/USD валюталары бойынша операциялардың жалпы көлемі  14,4 млрд АҚШ долларын құраған (ақпанда операциялардың жалпы көлемі 2 процентке төмендеген), соның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі — 3,3 млрд АҚШ долларын (-12,2 процент), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі — 11 млрд АҚШ долларын (+1,5 процент) құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.