Кемеровада болған өрттен зардап шеккендердің саны 79 адамға жетті

0 3

Кемеровтегі сауда орталығында болған өрттен зардап шеккендердің саны 79 адамға жетті, — деп хабарлайды РИА Новости жедел қызметтегі дереккөздеріне сілтеме жасап.

«Зардап шеккендердің саны 79 адамға жетті», — деп хабарлады ведомстводағылар.

«Бүгінде 12 адам ауруханаға жеткізілді, 67 зардап шеккен адамға амбулаторлық ем белгіленді», — деп хабарлады агенттік.

Осыған дейін Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтқан болатын. Губернатордың айтуынша, қаза тапқан адамның отбасына 5 миллион рубль беріледі. Ал өрттен жеңіл жарақат алғандарға — 400 мың рубль, ауыр жарақат алғандарға — 800 мың рубль.

Айта кетейік, Кемеровтің орталық алаңында әлі де жаппай митинг жалғасып жатыр. «Кемеровте митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жиналғандардың ішінде «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары», — деп жазған еді осыған дейін БАҚ өкілдері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.