Министр оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақстандықтардың неге қайтып жатқанын түсіндірді

0 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Сенаттың жалпы отырысында оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақстандықтардың неліктен қайтып келіп жатқанын түсіндірді, — деп Zhambylnews AA хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасап.

«Былтыр оңтүстіктен 19 адам түрлі себептермен көшіп келді: климат жақпады, суық, біреулерінің денсаулығына кері әсерін тигізді. Осы себептерден қайтып келіп жатты», — деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ресми мәліметтерге қарағанда, былтыр Қазақстанның солтүстік өңірлеріне 3 800 отбасы көшкен.

«Көрсеткіш өсіп жатыр. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Биыл біз 9 000 адамды көшірмекшіміз, бұл шамамен 4 500 отбасы. Сондай-ақ, жәрдемақының жеткіліксіз екені жайлы мәселе көтерілген болатын. 76 мың теңге. Бұл көшкен әрбір отбасы мүшесіне беріледі. Мұнымен қоса, оларға басқа да қолдау көрсетіліп жатыр», — деп түсіндірді Мадина Әбілқасымова..

Leave A Reply

Your email address will not be published.