Таразда педофилді полицияға такси жүргізушісі ұстап берді

0 12

Таразда азғындық жасады деп айыпталған азаматты жергілікті тұрғын ұстап берді, деп Zhambylnews AA хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап.

61 жастағы таксист жәбір көруі мүмкін делінген оқушының ұстазымен бірігіп оны қолға түсірген. Сол сәтте 21 жастағы жігіт арам ойын жүзеге асырғанын мойындаған. Алайда мектеп директоры мен полицейлер бұл сөзді теріске шығаруда. Расымен күдіктіні кім қолға түсірді және оқушы жәбір көрген бе?

Әлеуметтік желіде 8-ші мектепте оқитын 3-ші сынып оқушысын зорламақ болды деген күдіктінің суреті жарияланған. Ертесіне іздеуде жүрген азаматты оқушы қыздың мұғалімі көріп қалып, оны қолға түсіруге таксистен көмек сұрайды.

«Бекболат Досанов дәл осы жерден күдіктінің соңына түскен. Ол бағдаршамның қызыл түсіне де қарамай қашқынды қуған. Ал, күдікті тек тротуармен жүгіріп отырған. Бірақ, алысқа ұзай қоймады. Осы тұсқа келгенде үйлердің арасына кіріп жасырынбақ болса керек. Алайда таксист оған мүмкіндік бермей, қолынан шап беріп ұстаған. Азғындық жасады деп айыпталған азамат еш қарсылық көрсетпеген». 

Бекболат Досанов, Тараз қаласының тұрғыны:

«Ол соңынан ары-бері қуалағасын әбден шаршап қалған. Қолынан ұстадым да, қолын бұрап машинаның терезесіне қыстырып, сөйтіп артқа жүріп көшеге алып шықтық».

Күдікті сол сәтте жасаған қылмысын мойындап, оқушыға қалай азғындық істегенін тәтпіштеп айтып берген. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыға түсті.

КҮДІКТІ

— Ты просто изнасиловал, да?

— Да

— А зачем хотел изнасиловать?

— Я пьяный был.

-А сейчас  ты трезвый?

Ал, мектеп директоры шәкіртін зорланған жоқ деп отыр. Оған медициналық тексерулер дәлел дейді. Сондай-ақ, ол оқиғаның қалай болғанын түсіндіріп берді. Айтуынша, оқушыны жақындары мектепке жеткізбей қалдырып кеткен. Сол сәтте 21 жастағы күдікті жеткіншекті күштеп подьезге кіргізіп алған. Бірақ арам ойын жүзеге асырып үлгермепті.

Әлішер Әзімбай, №8 мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы:

«Енді екі қыз көріп қалмаған кезде бәрі де мүмкін еді. Бірақ бақытымызға, қуанышымызға орай ондайдың алдын алдық деп айтуға болады».

Қамаудағы жігіттің жүйке жүйелері ауруханасында 10 жылдан бері тіркеуде тұрғаны анықталған. Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бір қызығы, тәртіп сақшылары күдіктіні таксист емес, өзіміз ұстадық деп жарияға жар салуда.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

«Ол күдіктіні тәртіп сақшылары осы қала маңында орналасқан базарлардың бірінде қолға түсірген».

Қазір оқушы қызбен психолгтар жұмыс істеуде. Сондай-ақ, осы оқиғадан кейін тараздағы білім ошақтарында тәртіп күшейтілген. Яғни, ата-ана ұл-қыздарын мектепке жетектеп әкеліп, жетектеп әкетуге міндеттеліпті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.