Синоптиктер 2018 жылдың наурыздың 30-ы мен 1 сәуір аралығында аралығында еліміздің оңтүстік өңірлерінде су тасуы мүмкін екенін айтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
«30 наурыз — 1 сәуір оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасу, бүйірлік ағынның қалыптасуы күтіледі», — делінген хабарламада.