Ғалымдар ыстықта ерімейтін әрі пайдалы балмұздақ ойлап тапты, деп Zhambylnews АА хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап.
Канаданың Гуэлф университетіндегі ғалымдар ыстықта ерімейтін, сондай-ақ адам денсаулығына пайдалы балмұздақ ойлап шығарды.
Балмұздақтың құрамына олар бананның қабығындағы талшықтарды пайдаланған. Олардың айтуынша, ол қажет емес майлардың орнын толтырады әрі балмұздақтың еріп кетпеуіне әсер етеді.