Жан Ахмадиевтің даулы видеосындағы оның өз әйелі болып шықты

0 11

Жан Ахмадиевтің даулы видеосы алдын ала жоспарланған болып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

«Ж.А.Ахмадиев жезөкшелікпен айналысып жүрген әйелдерді қамшымен ұрған видеоролик қолдан жасалған. Жеңіл жүрісті қыз ретінде оның әйелі мен таныстары көрсетілген», — деп хабарлады ведомство өкілі.

Сондай-ақ, Сәдубаев мұндай жағдайда Ахмадиевтің әрекетінде қылмыс құрамы жоқ, сондықтан оны ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға болмайтынын айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.