Мьянманың жиырма мигрант жұмысшысы, автобуста болған өрттен көз жұмды, деп Znambylnews AA хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап.
50 адамға арналған екі деңгейлі автобуста белгісіз себептермен өрт шыққан.
Қайғылы жағдай Так провинциясындағы жолда болған. Мадрид шекарасынан заңды түрде Таиландқа жолға шыққан 47 мигранты бар автобус жұма күні сағат 00.00 шамасында кенеттен өртеніп кеткен.
Өрттен аман қалғандардың айтуынша, автобустың ортаңғы жағынан кенеттен басталған өрт көліктің артқы жағына бірден жетіп, жолаушылардың сыртқа шығатын мүмкіндіктері болмаған.
Жүргізушісі автобусты дереу тоқтата алған. Одан кейін 24 жолаушы және жүргізушінің өзі, оның әйелі және кезекші жүргізуші сыртқа шығып үлгерген.
Ал, артқы жақта отырған 20 қызметкер тірідей өртеніп кеткен.
Басылымның хабарлауынша, жүргізушінің шақыруымен келген өрт сөндірушілер өртті тез сөндіріп, бірақ кейбір адамдарды ажалдан құтқара алмаған. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері бұл оқиғаны тергеп жатыр.