Балмұздақ жеп 23 адам уланып қалды

0 9

Шымкентте балмұздақтан бірден 23 адам уланып қалды, — деп Znambylnews AA хабарлайды Отырар сайтына сілтеме жасап.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына соңғы екі тәулікте 23 адам осындай диагнозбен шағымданып, стационарлық ем қабылдап жатыр. 28 наурыз күні 3 адам, 29 наурыз күні 20 адам шағымданған.

Балмұздақтан уланғандардың жас шамалары 5  пен 18 жас арасы. Төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Олар 5-6 жасар екі бүлдіршін мен 17-18 жас шамасындағы екі жасөспірім. Барлығының диагнозы: өткір ішек инфекциясы. Ата — аналардың сөзіне қарағанда балмұздақ сататын дүңгіршек «Мороженое Южное» деп аталады. «Қиял әлемі» саябағының маңында орналасқан. Кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл дүңгіршек бүгінде жабық тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.