Шымкентте балмұздақ жегеннен кейін жаппай улану фактілері тіркелуде. Кешеден бері облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен 40-қа тарта адам түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабековтың айтуынша, науқастардың төртеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған. Барлығы да балмұздақты қаладағы бір орыннан сатып алған.