Бас прокуратура елдегі барлық сауда нысандарын тексеруді тапсырды

0 2

Бас прокуратура өртке қарсы қызмет органдарына барлық республика бойынша сауда нысандарын жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Zhambylnews AA ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылатын тексеру екі ай ішінде 1,5 мың шаршы метр және одан да үлкен құрылыс ауданы бар 1 151 нысанды қамтиды деп көзделіп отыр.

Сауда нысандарынан басқа, прокуратураның талабы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқуды жүзеге асыратын жеке мекемелер, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу орындары тексеріледі.

«Аталған іс-шаралардың мақсаты — өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып отырған нысандардың қызмет жолын кесу, осындай іс-әрекеттерге ықпал ететін себептерді жою. Өртке қарсы қызмет органдары осы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған сауда орталықтарын ғана тексере алатынын атап өтеміз», — делінген хабарламада.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі болған кезде жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсыру құқығы прокуратура органдарына тиесілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.