Кемероводағы өрттен аман қалған балаға отбасы опат болғанын естіртті

0 13

Бала болған жағдайды естіп жылаған, алайда тез есін жинап, өзінің болашағы туралы сұраған.

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйіндегі өрттен аман қалған 11 жасар балаға психолог пен туыстары ата-анасы мен әпкесі қаза болғанын естіртті.

«Олар (туыстары мен дәрігерлер) баланың реакциясын көруден қорқып, қайғыны қалай жеткізерін, не айтарын білмеді. Бүгін ұзақ жұмыстан кейін… біз баламен сөйлесудің дұрыс әдісін таңдап алдық», — деп РИА Новости Мәскеудің бас жасөспірімдер психиатры Анна Портнованың сөзінен үзінді келтірді.

Оның айтуынша, бала жылаған, алайда тез есін жинап, қайда тұратынын сұраған.

Психиатр мұндай жағдайда балаларға ғана емес, трагедияны қалай жеткізерін білмей, уақытты созып алатын олардың жақын туыстарына да көмек керек екенін атап өтті.

Әкесі өлер алдында баланы терезеден итеріп жіберген, бала ауыр жарақат алды.

Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда үйіндегі өрт 25 наурыз күні шықты. Соңғы мәлімет бойынша, 64 адам көз жұмды, оның ішінде 41 бала бар.

Дереккөз: sputniknews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.