Головкиннің командасы «Канелоны» басқа бір мексикалықпен алмастыратын болды

0 15

Көпке белгісіз Джейми Мунгияның бірде-бір атақты қарсыласы болмаған

5 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда бұл жекпе-жек мексикалықтың қанынан кленбутерол табылуы салдарынан өтпей қалуы мүмкін, деп жазды sports.kz.

Осыған байланысты қазақстандық боксшының командасы өз шәкіртіне өзге қарсылас іздей бастады. Бұған дейін Деметриус Андраде мен Сергей Деревянченко 5 мамырда рингке шығуға дайын екенін жария еткен еді. Енді Головкинге атағы шыға қоймаған мексикалық Джейми Мунгия (28-0, 24 КО) қарсылас атануы мүмкін екені анықталды.  21 жастағы боксшының бірде-бір атақты қарсыласы болмаған.

«Головкиннің командасы О’Салливан жайлы айтып жатқанын естіп қалдым. Сондай-ақ Джейми Мунгияға ұсыныс жасалды», —  деп инсайдер Дэн Рафаэлдің сөзінен үзінді келтірген Boxingnews24.

Leave A Reply

Your email address will not be published.