Кемерово облысын басқарған Аман Төлеев «Халық губернаторы» атағымен қала бермек

0 16

Резиденцияны да босатпайтын болды. Және экс-басшыға ай сайын 50 мың рубль қаражат төленіп отырмақ, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғадан кейін өңірді 21 жыл басқарған Төлеев өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Мұндай ауыр жүк арқалап, моральді тұрғыда ел басқаруға хақым жоқ , -деп Владимир Путиннен отставкаға жіберуін сұраған еді.

Қазір Кемеровоны Төлеевтің орынбасары болған Сергей Цивилев уақытша басқарып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз күні Кемеровода «Зимняя вишня» сауда үйінен өрт шығып, 64 адам қайтыс болды. Олардың 41 –і балалар.

«Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Қаза болғандардың отбасыларымен кездестім, жәрдем көрсетуге қатысты мәселелерді шешуге тырыстым. Тағы да қатты қайғырып көңіл айтамын, және басымды иемін», -дейді экс-губернатор Аман Төлеев.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.