Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын ағайынды жігіттер құрған «Western-Besik» компаниясы «Бай-Өлке» атты шай өндіре бастады, — деп «Zhambylnews» AA хабарлайды Baq.kz сілтеме жасап.
Б.Солтанбек, Ж.Жоламан есімді екі жігіт университет бітірген соң, 2016 жылы «Western-Besik» компаниясын құрады. Компания қазақ халқының ежелгі дәстүрімен “Sakhar” деген атаумен қара сабын (сахар) жасауды қолға ала бастайды. Бұдан басқа, қазақы ою-өрнек салынған сөмке, кәшөлөк, т.б. кәдесыйлар жасайды.
«Біз басында Ұланбатыр қаласында қолға алғанбыз. Енді өзіміз туып-өскен Өлгей қаласында да шай өндіруді қолға алып отырмыз. Шайдың негізгі шикізатын Үндістанның Дели қаласынан әкелеміз. Әзірге шайдың жапырақты және түйіршікті – екі түрін өндіреміз. Біз өндірген шай қазіргі нарық бағасынан 10 пайызға арзан болады деп жоспарлап отырмыз» — дейді компания басшылары.
Қазіргі таңда компания айына 6000 қорап шай өндіруге қауқарлы. Бұл Баян-Өлгейдегі шайды тұтыну көлемінің 40-50 пайызын иелене алады деген сөз.
Бұған дейін өлгейліктер Ресей мен Қазақстаннан экспортталған шайды тұтынатын.
Біздің Telegram-парақшамызға Жазылыңыздар!