Семейде тасқыннан зардап шеккен кенттерде су деңгейі түсе бастады. Әйтседе, 141 баспана мен 600-ге жуық саяжай әлі күнге дейін топан судың ортасында тұр. Ондағы жұрттың дүние-мүліктерінің барлығы жарамсыз болып қалған. Ал төрт бірдей ықшамауданнан көшірілген тұрғындар жергілікті билік белгілеген қонақ үйлерге сыймай жатыр, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Түйемойнақ аралынан көшірілген 96 адам баспаналарына толық оралған көрінеді. Сондықтан, тасқыннан зардап шеккен Бобровка, Затон және Мирный кентінен құтқарылған 220-дан астам адам шаһардағы қонақ үйлерді паналауда.
Ал, тұрғындардың арасында баспаналарын күзетіп, далада түнегендері де жеткілікті екен. Олар құтқарушылардың көшіру жұмысын толық жүргізе алмағанын айтуда. Тіпті шет жақтағы кенттерді бірінен кейін бірін су алғандықтан жергілікті билік белгілеген қонақ үйлерге сыймай қалғандар да бар.
Қала тұрғындарының айтуынша, қазіргі уақытта жататын жерлері жоқ. Үйдің бәрі судың астында тұр. Оларға №42 мектепке барыңдар делінген. Затоннан арғы жаққа қалай барарын білмеген олар дәл сал күйде».
Енді тасқын шырғалаңға салған жұрттың шетінен денсаулығы сыр беріп жатыр. Сондықтан тұрғындармен жұмыс жүргізу үшін уақытша қоныстандырған қонақ үйлерге психологтар мен дәрігерлер жұмылдырылған.
Адамдардың уайымнан көбінесе қан қысымдары көтерілуде. Дәрігерлер соны қалыпқа түсіріп жатыр. Қажетті дәрілер жеткілікті. Халық қоныстанған қонақүйлерге медицина қызметкерлері барлық жабдықтары мен керекті дәрі — дәрмектерін жеткізіп алған. Содан дәрі беріліп, халі нашарларға ине салынып жатыр. Екі кісіні ауруханаға жатқызған.
Бүгінгі күні топан суда қалған жұртты құтқару үшін жергілікті билік Ертіс өзенінің төменгі ағысына төртінші мәрте мұзды жару жұмысын жүргізген болатын. Қазір соның нәтижесінде судың деңгейі төмендеді. Әйтсе де, шаһарда кеше жарияланған төтенше жағдай өз күшінде тұр.