12 мың тонна карантинді өнім Қазақстан шекарасынан кері қайтарылды

0 0

2017 жылы 12 мың тоннаға жуық карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы елге қайтарылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында фитосанитариялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы баяндаған ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

«Өткен жылы карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу мен транзиттеу барысында жүргізілген бақылау кезінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзған 1202 факті анықталды. Оның ішінде 276 факті бойынша карантиндік объектілер табылды. 86 млн теңге сомасына айыппұлдар салынып, 12 мың тоннаға жуық карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы ел аумағына қайтарылды, 121 мың тонна жойылды», — деді А.Евниев.

Оның дерегінше, 2018 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзған 254 факті анықталды. Оның ішінде 9 факті бойынша карантиндік объектілер табылып, 11,3 млн теңге сомасына айыппұлдар салынды.

«Ұтқыр топтар құрудың арқасында 2017 жылғы қазаннан бастап Қырғызстан аумағынан карантинге жатқызылған 4,2 мың тонна өнім тасымалының жолы кесілді»,- деді Арман Евнеев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.