Елімізде жолаушылар автобусы өртке оранды

0 0

2 наурызда тапа-тал түсте «Аягөз-Семей» бағытындағы жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа cілтеме жасап.

Оқиға 2 сәуір күні сағат 11-лер шамасында болған.

Автобус Жарма ауданының аумағында бұзылып қалған. Қалаға жете алмайтын болғандықтан жүргізуші жолаушыларды Семейге бара жатқан басқа автобусқа отырғызып жіберген. Ал өзі Аягөзге кері қайтқан. Бірақ жүріп келе жатқан автобус аяқасты өртке оранған.

«Жақын арадағы өрт сөндіру бөлімі 70 шақырым жерде орналасқандықтан құтқарушылар оқиға орнына жеткенше автобус жанып кеткен. Қазір өрттің шығу себебі мен келген материалдық шығынның көлемі анықталуда. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт көліктегі электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін», — делінген ТЖД хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.