АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс салдарынан алтын бағасы көтерілді

0 6

Қымбат металл жыл басынан бері 2,5% қымбаттап, құны троя унциясы үшін 1342 долларды құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Sberbank Investment Research талдаушысы Михаил Шейбенің айтуынша, актив АҚШ пен Қытайдың сыртқы сауда қатынастарындағы қарқындылықтың артуына байланысты құнсызданған.

«COMEX сауда биржасындағы алтын сауда-саттығы бір унцияға — 1325 долларға жуық болды. Сауда-саттық басталғаннан кейін көп ұзамай, DXY индексіндегі алтынға қолайлы бағалар көтерілді. Кейінірек DXY индексінің ауытқуы алтынның құнына әсер етіп, күннің басында шығынға ұшырады. Бірақ индекстің келесі құлдырауынан кейін металдың бағасы бір унция үшін — 1330 долларды құрады. Жалпы алғанда, алтын бағасының дәстүрлі факторларға қарай өзгеруі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарындағы шиеленістің артуына байланысты», — деп түсіндірді Шейбе.

Сондай-ақ, ол әлемдік сауда-саттық соғыстарының қауіп-қатерінің өсуі — жаһандық инвесторлардың тәуекелдерге деген көзқарасына қысым жасап, алтын сияқты дәстүрлі қорғану құралдарына жанама қолдау көрсететінін айтты.

Оның болжамы бойынша, алтын бағасының үдерісі қысқа мерзімде көтеріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.