Сенаторлар облыс тұрғындарымен кездесті

0 7

Парламент Сенатының депутаттары Абдалы Нұралиев пен Мұратбай Жолдасбаев Жамбыл облысы, Байзақ ауданында жұмыс бабындағы сапарда болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Egemen.kz cайтына сілтеме жасап.

Аймақтағы сапар аясында сенаторлар ауылдық жерлерде маңызды болып отырған мәселелер, атап айтқанда тұрғын үй үшін жеңілдетілген пайызбен несие алу, шағын кәсіпкерлікті бастау, еңбекақысы төмен адамдарға салық жүктемесін азайту мәселелері туралы айтылды. Сондай-ақ жас мамандарды жергілікті жерлерде тұрақтандыру мәселелері де қозғалды.

Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы 175 орындық жекеменшік «Еңлік» балабақшасының жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі мен Елбасының биылғы Жолдауы туралы жан-жақты түсіндірме берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.