Ақмола облысында 58 адамның астан улану себебі анықталды

0 13

Ақмола облысында 58 адамның астан улану себебі анықталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Egemen.kz cайтына сілтеме жасап.

Наурыз айында Шортанды кентіндегі «Ласточка» дәмханасында жаназа асына барған адамдардың алғашында 44-і өздерін жайсыз сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінген еді. Кейін жағдайы нашарлағандар саны 58-ге жетті.

Ақмола облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының дерегі бойынша, зертханалық зерттеулердің негізінде барлық ауырған адамдарға «Сальмонеллез» түпкілікті диагнозы қойылды.

«Ет антисанитарлық жағдайда дайындалған, жеке гигиенаны сақтау үшін жағдай жасалмаған, ешкім тұрмайтын, жайсыз үйде пісіріліп, кесілгені тексеріс барысында анықталды», деді денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, мамандар туралған ет және азық-түлік белгісіз автокөлікпен жеткізіліп, «Ласточка» дәмханасына бөлме температурасында 10 сағаттан артық арнайы ыдыста сақталынғанын анықтап отыр.

«Ласточка» дәмханасында жүргізілген жоспардан тыс тексеру кезінде санитарлық — гигиеналық талаптарда бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Осы факті бойынша деректер Шортанды АІІБ-не әкімшілік заңнамаға сәйкес, өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін жіберілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.