Жамбылдағы тарихи нысандар қайта жаңғырады

0 2

Тараздың жаңа сәулеттік келбетін қалыптастыру жұмыстарында өңір басшысы жергілікті тарихшы, әдебиетші ғалымдармен кездесіп, олардың өлке тарихын зерттеуге қатысты ұсыныстарын тыңдады, — деп «Zhambylnews» AA.

Жергілікті жоғарғы оқу орындарының тарихшы ғалымдары облыс орталығында көне Талас жазуы арналған ескерткіш қою туралы бастама көтерді.  Осы орайда, облыс әкімі салалық басқарма басшысына Қырғызстан Республикасының Талас облысында тұрған ескерткіштің түпнұсқасынан көшірме алу бағытында жұмыстар қолға алынатын болды.

Жергілікті тарихшылар Хан тау, Жамбыл тау, Қаратау бөктеріндегі қола дәуіріне жататын петроглифтерді зерттеуге экспедиция жасап, өлке тарихын тереңнен зерделеу бастамасын көтерді.

Мұнан бөлек «Көне Тараз» тарихи археологиялық кешенін ежелгі Тараздың орталығы етіп, тарихшы ғалымдардың басын біріктіретін ғылыми орталық ашу көзделі отыр.

«Ішіне барып қарасаң, көңілің толыңқырамайды. Шын мәнінде  көне Тараз қылу үшін не істеу керек? Қалай толықтыру керек? Қай жерінде қандай кемшілік бар? Атына затын сай келтіру үшін арнайы жұмыс тобын құрып, үлкен тарихты сол жерден көрсете білейік. Осының өзі облыста атқарылуы тиіс жұмыстың көп екендігін көрсетеді», — деді облысының әкімі Асқар Мырзахметов

Leave A Reply

Your email address will not be published.