Қордай ауданында денсаулық саласының қазіргі жағдайы қандай?

0 6

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Еліміздің ең асыл қазынасы — адам мен дені сау ұлт. Сондықтан, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі — денсаулық сақтау  саласы.

2017 жылы онкоаурулардың және басқа да қауіпті аурулардың алдын-алу бойынша профилактикалық қарауды жүргізу скринингі бойынша республикалық бюджеттен 16,5 млн. теңге, тегін медициналық көмектің кепілдікке 146,1 млн. теңге игерілген.

2017 жылдың қорытындысы бойынша  аудан тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасты  құрап отыр.

Нәрестелік өлім көрсеткіші  0,5%-ға төмендеген, аналар өлімі болмаған.

Өткен жылы  «Бетқайнар» ауылына дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілген.

Қордай ауылындағы  емхана құрылысына 2018 жылы 28,9 млн.теңгеге ЖСҚ әзірленіп отыр.

Сондай-ақ, аудандағы өзге елді — мекендердегі медициналық пунктердің апатты жағдайда болуына байланысты ЖСҚ – ға қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.