Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
2017 жылы аймақтың жалпы өңірлік өнім көлемі 99932,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде өнеркәсіп өнімінің үлесі 12,3 пайыз, ауылшаруашылықтың үлесі 45,2 пайыз, сауда бығытының үлесі 23,3 пайыз және құрылыс көлемінің үлесі 19,3 пайыз болған.
Атап айтқанда:
— «Ақтас» ЖШС-і — былтырғы жылмен салыстырғанда әктастын өнімін 136 пайызға,
— «МВТ» ЖШС-і –өнімін 122 пайызға,
— «CENTRAL ASIA GOLD CORP.» ЖШС-і жаңа ұсақтау кешенін іске қосып өндірісін 1,5 есеге,
«Central Asia Gold Production» ЖШС-нің биыл 199 кг. алтын өндіруді жоспарлап, өнім өндірісі 1,5 есеге ұлғаюы жоспарланған.