Қордай ауданына облыстық бюджет есебінен 30 елді — мекенге газ құбыры тартылады

0 1

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Аудан аумағындағы барлығы 41 елді мекеннің 12 елді мекенінде  газ құбыры тартылған.

Облыстық бюджеттен 2018 жылы Қордай ауданының елді мекендерін табиғи газ құбырын тарту үшін 259 миллион теңге жобалық — сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаражат бөлінген.

Соның нәтижесінде,  29 елді мекенде газ тарту нысанына ЖСҚ әзірлеу жоспарланып, құны 232,5 млн. теңге болатын жобада 425 шақырым газ құбырын тарту қарастырылған. Бұл құбыр арқылы Қарасу, Өтеген, Ауқатты, Бәйтерек, Қызылсай, Сортөбе, Булар Батыр, Масаншы, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2, Қаракемер, Керу, Еңбек, Қарасай батыр, Ноғайбай, Сарыбстау, Шарбақты, Соғанды, Алға, Көгадыр, Мұзбел, Кенен, Отар, Гвардейск, Аңырақай, Бел, Үлкен Сұлутөр, Сұлутөр, Көктөбе ауылдары көк отынмен қамтылады.

Тағы 26,5 миллион  теңге АРГС «Отар» құрылысына жұмсалмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.