Қордай ауданында 15 мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталады

0 1

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Ауданда 48 мектеп, 45 балабақша (21 мемлекеттік,24 жекеменшік) 19 шағын орталық (1 жекеменшік) ,1 кешкі мектеп және 9 мектептен тыс мекемелерде балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалыну үшін өткен жылы білім саласына  9 млрд – тай ақша бөлінген.

Қазіргі таңда мүмкіндіктері шектеулі 903 баланың 472-і инклюзивті біліммен қамтылып отыр.

Шалғай жатқан, мектебі жоқ елді-мекендердегі 95 бала аудан орталығындағы мектеп жанындағы интернатқа орналастырылып, тегін тамақпен қамтылған. Сондай-ақ, 9 елді — мекенде балаларды мектепке тасымалдау ұйымдастырылған.

2018 жылға ауданда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы желісінде  7 жекеменшік балабақша елді-мекендерден ашу арқылы балалардың 94 пайызын қамту жоспарланып отыр.

Қазіргі заман талабына сай «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 48 мектеп 100% интернет желісіне қосылған, Wi-Fi желісі 8 мектепте  бар.

2018 жылы тағы да 9 мектепке 22 млн теңгеге Wi-Fi желісі орнатылатын болады. Сонымен қатар, ауданның шалғай елді мекендеріндегі мектептер 17 жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталатын болады.

Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Бұл мақсатта ауданның 15 мектебі робототехника кабинеттерімен жабдықталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.