ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды

0 2

Елбасының Жарлығымен Әлия Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын», — делінген Жарлық мәтінінде.

Әлия Рақышева 1980 жылы Алматы қаласында туған.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2001-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы.

2002-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы.

2005-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі.

2007-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы — аппарат басшысы.

2013 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Орыс, ағылшын (сөздік бойынша) тілдерін меңгерген.

«Ерен еңбегі үшін» (2008 ж.) медалімен марапатталған.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.