Қордай ауданында 2017 жылы 25 мың тонна қант қызылшасы жиналған

0 1

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі Болатбек Байтөле мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Есептегі жылдың 1 қаңтар айына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі – 45,1 млрд. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 102,0% болды.

2017  жылы орылған 53027 гектардан дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 29,5 ц/га болып, 156,5 мың тонна өнім алынған.

Қант қызылшасы 854 гектар алқабына егіліп, толығымен жиналып, 274,7 ц/га орташа өнімді құрады. Жалпы өнімнің көлемі 23,4 мың тонна болса, Меркі қант зауытына 17,2 мың тоннасы өткізілген.

Жоспар бойынша 2017 жылы су үнемдеу технологиясын 740 гектар енгізу жоспарланса, 92 гектарға артық орындалып, 832 гектарды құрады.

Аудан шаруашылықтары 575,6 млн. теңгеге 63 дана жаңа техникалар сатып алынған. Олардың 49 данасын өз қаражаттарына, яғни, 379,1 млн. теңгеге бағаланса, 14 данасы 196,5 млн теңгеге лизингке алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.