Қордай ауданында Инвестиция тарту көлемі 110 пайызға өсті

0 4

Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі Болатбек Байтөле мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

2017 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемі 19234,8 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 110,6 пайызды құраған.

2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлем индексі 103%-ға орындалу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында аумақтық индустриаландыру картасына енгізілген ауданда жалпы жобалық құны 48 млрд. 940 млн. теңге құрайтын 4 жоба қолға алынып, ел игілігі жолында табысты жұмыс атқарып отыр.

1) 2017 жылы бағдарлама бағдарлама аясында«Первомайские деликатесы» ЖШС-нің — шұжық өндіретін цехын жаңарту жобасы жүзеге асырылған.

2) «BioVet KZ» ЖШС-і — ветеринарлық препараттарды өндіру биокомбинатының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.

3) «Алатау Қордай» ЖШС-і – Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінде орналасқан «Қырғау» алтын кен орнында 75 пайыздық алтын-күміс концентратын шығару кіші-зауыт салынды.

4) «Aurum Deutschland» (Аурум дойчланд) ЖШС-і — тау-кен металургиялық комбинатының құрылысы аяқталып, құрамында алтыны бар кенді игеру қолға алынды.

Бұдан басқа, қуаттылығы жылына 175 тонна болатын «Қордай сүт өнімдері» ЖШС құны 133 млн. теңгені құрайтын  автоматтырылған балмұздақ шығару цехі іске қосылды.

Қордай асуында құны  21784 млн. теңгені құраған «Жасыл энергетика» бағытында «INSIDERGROUP»  ЖШС-і  қуаттылығы 40 мВт жел электрстанциясын салды.

Өткен жылы несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау бойынша жалпы сомасы 439,8 млн. теңгеге 15 жоба мақұлданды және кепілдік беру құралы бойынша 48,8 млн. теңгеге 6  жобаға кепілдік берілді.  Жыл басынан 82 жаңа жұмыс орындар ашылу жоспарда бар.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2018 жылға 26 жоба, оның ішінде: пайыздық ставкасын субсидияландыру құралы бойынша 16, кепілдік беру құралы бойынша 7, жетіспейтін инфрақұрылым бойынша 3- і қолға алынған .

Leave A Reply

Your email address will not be published.