«Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы қандай қызметтер ұсынады?

0 13

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының шалғайдағы ауыл-аймақтарын пошталық, қаржылық және агенттік қызметтермен қамтамасыз етіп отырған Қазпоштаның халыққа тигізер пайдасы зор. Осы орайда, бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

«Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Болысбек Пірәлі заманауи озық үлгідегі қызметін ұсынатын байланыс торабы туралы баяндады. Сонымен қатар, Қазпоштаның өңір тұрғындарына 100-ден астам қызмет түрін көрсететін айтып өтті. Соның ішінде, «Visa Classic» халықаралық төлем карточкілерін тұтынушылар саны күннен күнге артып, әлем мемлекеттері мен еліміздің кез келген аймағында сенімді түрде жедел ақша аударымдарын жасауға болатынын жеткізді.

Ауыл-аймақтарды банкоматпен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылды қоса есептегенде барлығы 24 банкомат орнатылған.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазпоштаның көрсететін әрбір қызмет түрлері ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы үшін аудан орталықтары мен ауылдарда пошта байланысы бөлімшелерінің қызметін жетілдіру жұмыстары қолға алынғандығымен бөлісті.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.