16-19 сәуір аралығында жылу жүйелері гидравликалық тексеруден өтеді

0 0

Бұл мәлімет 5 наурызда ӨКҚ — де облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасының брифингінде баяндалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

16-19 сәуір күндері жылу жүйелерін жөндеу және алдын — ала гидравликалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындары ыстық сумен  30 сәуір мен 16 маусым аралығында қамтамасыз етіледі.

Қаладағы кейбір мөлтек аудандар мен массивтерді «Жамбыл — жылу» МКК- ны бойынша РК — 1 жылу көзі тарапынан 30 сәуірден 29 қыркүйекке дейін 83 көп қабатты тұрғын үйге ыстық су жібереді. Байзақ батыр көшесіндегі «Газовая» қазандығынан 19 көп қабатты тұрғын үйлерін ыстық сумен жабдықтауды «Теміржол — Жылу» МКК қолға алады.

Баспасөз мәслихатында Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу энергетикасы бөлімінің басшысы Князь Туртаева; «Таразэнергоорталық» АҚ-ның президенті Малик Өтегенов; «Таразтрансэнерго» МКК-ның директоры Ерик Көшербаев; «Жамбыл-Жылу» МКК-ның директоры Жұмабек Бөлекбаев; «Темір-Жол Жылу» МКК-ның директоры Ғани Искаков бой көрсетті.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала көшелерінің бойындағы жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

Облыс бойынша жылыту маусымы наурыз айының 31 — нен сәуірдің 1 — не қараған түні,  температура бағанының жоғарылауына байланысты тоқтатылған. Негізінде, жылыту маусымының ұзақтығы 164 тәулік болуы керек болса, ауа температурасының төмендігіне қарай 176 тәулікті құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.