Елордада Талдыкөл су жинақтаушысын жою жобасы аяқталды

0 4

«Осы жылы Кіші Талдыкөл көлінің су деңгейін төмендету жұмыстары басталады»,- деді қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында.

Алдағы уақытта осы ауданның ықпал ету аймағына инженерлік-геологиялық және гидрологиялық  іздестіру жүргізіледі.

Екінші кезең мен рекреациялық аймақ құру көзделуде.

«Бұл жерде халықаралық тәжірибе де ескерілуде. Біздің ұсынысымыз бойынша Азия даму банкі 1 млн доллар грант бөлді. Халықаралық және қазақстандық сарапшылар бірлесе отырып, су ресурстарын интеграциялық басқаруды, энергия үнемдейтін шешімдер мен технологиялар қолдануды ескере отырып мастер-жоспарын әзірлейді», — деді әкім.

Бұл жерүсті және жерасты суларының мәселелерін кешенді реттеу үшін, сондай-ақ жоспарлау және су ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.