2017 жылы Елордада 7 кәріз жүйесі салынған

0 0

2017 жылы елордада 3 тазарту құрылысы салынып, 3 магистральдық коллектор мен сорғы станциялары салынды. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімінің мәліметінше, 2018 жылы тағы 11 нысан бойынша, 2019 жылы тағы 7 нысан бойынша жұмыстар аяқталатын болады.

«Осы жобаларды жүзеге асыру 2019 жылға қарай судың қолданыстағы және болашақта салынатын нысандарда кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді», — деп атап өтті әкім.

Leave A Reply

Your email address will not be published.