2017 жылы Астанада баспананың рекордтық 2,36 млн шаршыметрі салынды. Бұл республикада салынған баспана көлемінің 25% — ын құрайды ,деп мәлімдеді қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында.
Астанада жаңа үйлер бой көтеретін 4 аумақ пен қаланың ескі бөлігін ықшамдылық, көп орталықтылық пен қолжетімділік қағидалары бойынша реновациялау бағдарламасы анықталды. Бұған қоса, мұнда баспананың 17 млн-нан астам шаршыметрі салынуы мүмкін.
«Бас жоспарға қатысты сіздің берген тапсырмаңызды орындау барысында біз Үкіметпен бірлесіп, алдағы 5 жылға арналған қаланы дамыту бағдарламасына өзгерістер енгіземіз. Кезеңділік пен қаржыландыруды анықтау есепке алына отырып, физикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар мерзімінен бұрын салынады. Халықаралық байқаудың қорытындыларына сәйкес, 30 сәуірге дейінбіз 2 млн адам тұратын қаланы дамыту жоспарының 5 нұсқасын алып, мамырда сізге ұсынатын боламыз. Бұл байқауға Ұлыбритания, Канада, Сингапур және Ресей сияқты елдердің ірі консорциумдары қатысып жатыр», — деді Ә. Исекешев.
5 әлеуметтік бастамасы бойынша Мемлекет басшысының«7-20-25» қолжетімді несиелеу тұжырымдамасы көптеген тұрғындарға тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
«Тағы да бір бастамаңыздың аясында қаланың негізгі 4 жоғарғы оқу орнындағы жатақханада сұранысқа ие орындарды санап қойдық. Олардың саны 10 мыңға жетеді», -деді әкім.
Астанада жалпы аумағы 10,4 га құрайтын 10 жер учаскесі анықталды. Балама ретінде елорда әкімдігі нарықтық механизмдерді қолдануды ұсынады.
«Қазір қалада 9 мың орынға лайықталған жұлдызы жоқ 100-ден аса отель мен хостел бар. Олар МЖӘ моделі бойынша студенттерге қызмет көрсете алады. Бұл қаржы мен уақытты үнемдейді. Тиісті ұсынысты біз Білім және ғылым министрлігіне түсіреміз», — деп түйді сөзін Ә. Исекешев.