ҰЛЫ ДАЛА ӘСКЕРІ – МӘҢГІЛІК ЕЛ ТІРЕГІ

0 18

«Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанының 100 жылдығы» қарасаңында «Баласағұн» орталық концерт залында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара Қызметінің қатарына шақырылатын әскерге шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 ақпанынан шыққан жарлығына сай, көктемгі азаматтарды мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды.

Жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсіміне  Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Жастар саясаты мен ішкі саясат басқармасы, Облыстық филармония және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрімен біріге атсалысты.

Облыс Әкімінің бірінші орынбасары-облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Бекболат Орынбеков, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Асқар Ниязов, облысымыздағы «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігің төрағасы генерал-майор Абдыхапар Райымжанов, облыстық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүкенбай Ермеков, «Қарулы  Күштерінің ардагерлері» кеңесінің төрағасы подполковник Рамиль Тартыков, әскерге шақырушылардың ата-аналары,қаламыздың болашақ әскерилерге ақ жол тілеп шығарып салды.

Тараз қаласының вокалдық-би ұжымдары келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Дәстүр бойынша волонтер-қыздар әскерге кетіп бара жатқан жігіттерге қызмет барысында керек болатын сыйлықтар сыйлады.

Барлық қоштасулардан кейін болашақ сарбаздар сахнадан салтанатты шерумен жүріп өтіп, естелікке ортақ суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.